Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл бастама — туған жерге деген қамқорлық пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Аудан аумағында тазалық сақтау арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу — әрбір тұрғынның азаматтық парызы.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы