Сарыағаш ауданында ерекше мереке «Спорт күні» салтанатты түрде аталып өтті. Ауданның орталық саябағында өткен ауқымды іс-шараға спорт ардагерлері, спорт саласының мамандары, сондай-ақ халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар қатысты. Бұл мереке салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылар еңбегін бағалауға бағытталған.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы