Жемісті ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсарту мен тұрғындар өмірін оңтайландыру бағытында бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 85%-ы табиғи газ және ауыз сумен қамтылған. Қалған бөлігіне жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Тың елді мекенінде Ақбастау көшесіне асфальт төселіп, Құрманғазы мен Б.Момышұлы көшелеріне жарық шамдар мен аяқжолдар орнатылған. Бұл туралы өңір әкімі БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы