ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, ағымдағы жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар