
Ауғанстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесу өткізді.
Теміржол көлігін, ауыл шаруашылығын, цифрлық инфрақұрылымды, пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту және өзара сауданы арттыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланды.
ҚР СІМ басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазақстан химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жанар-жағармай материалдары мен минералдық тыңайтқыштар өнімдерінің жеткізілімін ұлғайту мүмкіндіктеріне ие.
Осыған байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қол қойылған «жол картасына» сәйкес екіжақты тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге деген ортақ ұмтылыс расталды.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі