Қостанай облысында жылына 200 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы салынуда

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Өңірде жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту және кеңейту, сондай-ақ жаңа құрамажем зауытын салу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Құс фабрикасының жалпы жобалық қуаттылығы – жылына 200 миллион дана жұмыртқа және 10 мың тонна құрамажем.

Жобаның бастамашысы әрі инвесторы – «Arkalyk Qus» ЖШС. Жалпы инвестиция көлемі 1,2 миллиард теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы шілде айында басталды, ал нысандарды пайдалануға беру 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Arkalyk Qus» ЖШС тауық қиынан тыңайтқыш өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны қатар жүзеге асыруда. Бұл жобаға 500 миллион теңгеден астам қаражат салынуда.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы өңірде жұмыртқа өнімдерінің өндірісін айтарлықтай арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар