8 шілде – Аллергиямен күрес күні

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

8 шілдеде аллергиялық реакциялардың себептері және аллергиялық ауруларды емдеуге бағытталған шаралар туралы айту әдетке айналған Аллергиямен күрес күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік аллергология ұйымының мәліметі бойынша, планета халқының 40%-ына дейін аллергия бар.

Қазақстанда айналым бойынша пилоттық статистикалық зерттеуге сәйкес республика халқының 20%-дан астамында аллергиялық патология бар.

Өнеркәсіп орталықтары бар өңірлерде және Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда таралуы жоғары, бұл пайдаланылған газдар мен басқа да қайта өңдеу өнімдерінің шығарылуына, табиғи аллергендердің алуан түрлілігіне байланысты.

Анафилактикалық реакциялардың, соның ішінде ауыр және өлімге әкелетін жағдайлардың көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл реакциялар көбінесе еңбекке қабілетті жастағы адамдарда байқалады. Әртүрлі зерттеулерге сәйкес, дәрілік аллергияның таралуы 0,04-тен 3,1%-ға дейін құрайды.


Дәрі-дәрмектер ересектердің арасында ауыр және өлімге әкелетін анафилактикалық реакциялардың негізгі себебі болып табылады. Екінші орында – тамақ аллергиясы. Ауыр анафилактикалық реакция дамыған кезде пациент медициналық көмек көрсетілгенге дейін ауыр жағдайда болады.

Денсаулық сақтау министрлігі аллергологиялық көмек көрсету стандарттарын, соның ішінде дәрілік жоғары сезімталдықтың профилактикасы, бронх демікпесі, аллергиялық ринит, есекжем және т.б. сияқты ауруларды диагностикалау және емдеу шараларын бекітті. Сондай-ақ дәрілік жоғары сезімталдық бойынша клиникалық хаттама бекітілді.

Дәрілік препараттармен жұмыс жүргізілетін барлық медициналық кабинеттерде анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету бойынша алғашқы көмек қобдишасы мен алгоритмінің болуы міндетті.

Аллергологиялық кабинеттерде in vivo аллергологиялық зерттеулер жүргізу кезінде жағымсыз реакциялардың алдын алуға бағытталған операциялық емшаралардың стандарттары бекітілді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басым бағыттардың бірі болып табылады. Азық-түлік сенсибилизациясының өсуі жағдайында шаян тәрізділер мен ұлулар, жұмыртқа, балық, сүт, қыша, жержаңғақ, күнжіт, соя, жаңғақтар сияқты тағамдық аллергендердің болуы туралы міндетті түрде хабардар етуді қоса алғанда, бөлшек саудада және қоғамдық тамақтануда аллергендерді таңбалау ережелерін сақтау маңызды болып қала береді.

Денсаулық сақтау министрлігі аллергологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту және аллергиялық ауруларды диагностикалау сапасын арттыру бойынша жүйелі шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар