Пәкістандық «Liven Pharma» компаниясы Қазақстанға келеді деп жоспарлануда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Liven Pharma» фармацевтикалық компаниясының Бас директоры Каашиф Хуссейнмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салаларына ерекше назар аудара отырып, Қазақстан аумағында бизнесті дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Е. Қыстафин сұхбаттасын инвестициялық қызмет пен экспортты мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ елдегі қолайлы іскерлік ахуал туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз тарапынан К. Хусейн Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға қызығушылық білдіріп, жақын арада сапармен бару ниетін растады.

Компания басшысы «Liven Pharma» Пәкістан қор биржасында ресми тіркелгені туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық үшін перспективалық бағыттарды зерделеу мақсатында делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар