
Мәжіліс қыркүйектен маусымға дейін белсенді түрде заң шығару қызметімен айналысты. Осы уақыт ішінде Мәжілістің қарауына 87 заң жобасы түсті, 90 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, 78 заңға Президент қол қойды.
Мәжілісте Парламент палаталарының бірлескен 3 отырысы, 39 жалпы отырыс, 7 Үкімет сағаты өтті. Сессия барысында жұмыс топтарынан бастап комитеттердің көшпелі отырыстары мен тақырыптық отырыстарында мыңнан астам талқылау өтті.
Үшінші сессия несімен есте қалды? Толығырақ инфографикада. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет! Мәжіліс қызметі туралы маңызды ақпараттарды біздің әлеуметтік желілерімізден оқи жүріңіздер.
Дереккөз: t.me/mazhilis_kz