Ар-Риядта Қазақстан мен Дүниежүзілік ислам лигасы ынтымақтастығы талқыланды

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Әбделуахаб әл-Шехримен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік ислам лигасының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шеңберіндегі ынтымақтастығын тереңдету мүмкіндіктері талқылап, халықаралық деңгейде дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бұл ретте Елші ДИЛ өкілдерін алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі Хатшылығының кезекті XXIII отырысына және II Жас діни лидерлер форумына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Әбделуахаб әл-Шехри ДИЛ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына толық қолдау білдіретінін айтты. Ол Съезд Хатшылығымен ынтымақтастықты дамытуға және әлемде бейбітшілік пен үйлесімді, діндер арасында өзара құрметті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге әрдайым дайын екендігін білдірді.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар