Қазақстан мен Тәжікстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзодамен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Олар екіжақты қарым-қатынастардағы өзекті мәселелерді, соның ішінде алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуді, Тәжікстанның ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысуын талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар екі елдің көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды. Олар бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, екі елдің сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдауға қанағаттанушылық білдірді.

Кездесу соңында У. Төреханов Ф. Шарифзодаға кездесуі үшін және тәжік тарапының барлық салалардағы қазақ-тәжік қатынастарын одан әрі нығайтуда сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығы үшін алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар