Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек елді мекеніндегі №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Дәурен Молдағалиұлы үлкен жетістікке жетті. Ол республикалық «Мұқағали оқулары» аясында өткізілген Оразалы Досбосынов жүлдесіне арналған байқауда Түркістан облысының намысын қорғап, «Көкірегімде жыр сәулесі мазалайды» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Байқау еліміздің жүрегі — Алматыда, ақ басты Алатаудың етегінде өтті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас