
Польша Сенатында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Сенат Төрағасының орынбасары Михал Каминьскимен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жағдайын талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды.
Қазақстан Елшісі парламентаралық диалогты одан әрі нығайтудың, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.
М. Каминьски қазақ тарапының ұсыныстары мен бастамаларын қолдайтынын білдіріп, Қазақстан мен Польша арасындағы жылы әрі сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі