Бүгін Сарыағаш ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы «Айымка» балабақшасында ерекше қуаныш пен толқынысқа толы күн өтті. Балабақша қабырғасынан тәрбиеленіп шыққан 18 бүлдіршін өздерінің алғашқы білім жолына, яғни мектепке қадам басқалы отыр. Осыған орай ұйымдастырылған шараға балалардың ата-аналары, балабақша ұжымы мен ұзақ жылдар бойы мекемеге қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкер, ата-ана Мауленова Дилфуза да қатысты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы