2025 жылы ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде кең ауқымда атап өтілуде. Бұл игі бастамалар қатарында Сарыағаш ауданындағы №18 Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы өткізген тағылымды іс-шара ерекше орын алды. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған бұл семинарда Абай мұрасын насихаттау, оның шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан зерделеу және жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері кеңінен қарастырылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс