Өткен жексенбіде Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза және Әлімтау ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Дарбаза ауылдық округіне Мұхит Досболов, ал Әлімтау ауылдық округіне Берік Таменов әкім болып сайланды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев қос азаматқа арнайы барып, жаңа қызметтеріне ресми түрде тағайындап, құттықтап қайтты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс