Түркістан облысында кальян шеккен 82 тұрғынға айыппұл салынды

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қоғамдық орындарда кальян шеккен 82 тұрғынға шара қолданды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.

Мәселен, танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян шеккен жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда. Полиция заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар