
Бүгін аудан әкімі А.Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысының мән-жайын саралады.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы мердігер мекеме басшысына кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы аяқтап, белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Қазіргі таңда қаламызда 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жоба бойынша 4 дана трансформатор қондырғысы орнатылып, жалпы ұзындығы 11019 шақырым электр желісін жүргізу қарастырылып отыр.

Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 отбасыны сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады. Осылай біз сапалы энергияны пайдаланып, елімізде электр энергиясының тұрақты көзі ретінде АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуімізге болады.
АЭС ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімді. Бір рет салынған станция ондаған жылдар бойы тұрақты түрде энергия өндіре алады. Уранның аз мөлшерімен көп энергия өндіріледі, ал Қазақстан уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр, бұл отынның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.