Адам өмірі мен оның құқықтары ең маңызды құндылық. Әр адам өзінің құқықтарын жетік білуі тиіс. Сонымен қоса, өзінің жауапкершілігін де ұмытпауы керек. Бүгін, Келес ауданына келіп, жиынға қатысқан ҚР-ның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы осылай деп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында қарқынды жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы