Келес ауданындағы №7 ж.о.б.б.м. «Алғыс айту» күніне орай, №2 Балалар «Саз» мектебінің бірлесуімен салтанатты кеш болып өтті. Көпке ерекше әсер сыйлаған кеште бала – ата анасына, шәкірт ұстазына алғысын жаудырды. Киелі сахнада балалар көмбеден көсілген жүйрік секілденіп, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам