ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

№72 жалпы білім беретін мектепте аудандық семинар болып өтті. Патриоттық рухқа тәрбиелейтін шара «Бүгінгі оқушы – ертеңгі Отан қорғаушы» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, әскерге дайындығын мектеп қабырғасынан пысықтау – семинардың басты мақсаты. Сарыағаш аудандық Шекара басқармасы, Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық білім бөлімі және Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бірлесе отырып, «Айбын 2024» әскери-патриоттық жарысын өткізіп отыр. Дәстүрге айналған шара әрі қарай аудан аумағындағы білім ұяларында жалғасатын болады.

Авторлар: Майра Нұрмахан, Аман Асылбек

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар