«Тәрбие – тал бесіктен басталады». Десек те адамның сана-сезімі мен өзін ортада ұстауына, қоғамға араласуына білім нәрімен сусындатқан мектептің әсері мол. Сондықтан оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізіп, рухани құндылықтармен, пайдалы ақапараттармен бөлісудің пайдасы зор. Дәл осындай мақсатты көздеген Келес аудандық прокуратурасы да өңірдегі оқу орындарында жасөспірімдермен кездесіп, еркін форматтағы жиындар легін жалғастыруда.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас