Сарыағаш қаласының аумағында орналасқан базарлардың маңы жабайы саудаға толы. Бұл туралы арнамыздан талай көрсеттік. Десе де нәтиже көрінер емес. Саудасын жасаса мейлі, бірақ та арлы-берлі өткен көлік пен жүргіншіне кедергісін келтіретіні тағы бар. Ал санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігін айтпаса да болады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас