Бүгін «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бесқұбыр елді мекеніндегі жаңадан салынған 300 орындық білім ошағының жай-күйімен танысты. Жоспар бойынша желтоқсан айында қолданысқа берілуі керек болған нысанға оқушылар неліктен әлі кірген жоқ? Бақылау барысында қандай кемшіліктер анықталды? Сюжет көрелік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам