Көктем келіп, жаңбырлы маусым басталған сайын Келес өзенінің жағасында тұратын жұртты қорқыныш пен үрей басатын. Өйткені бұл кезеңде ағынды су арнасынан асып кетіп, жақын маңайдағы үйлер мен суармалы жерлерді басып қалу қаупі күшейеді. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында дәл қазір Келес өзенінің арнасын түзетіп, жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы