Халқымыз «той – қазақтың қазынасы» деп, оны тек қуанышпен байланыстырады. Дегенмен той-томалақ әрдайым шаттыққа бөлей бермейді. Бастапқыда оңай ғана несие немесе қарыз алып жасаған торқалы тойдың соңы – кейбіреулер үшін өкінішпен аяқталып жатады. Тіпті, кәсіп бастау үшін мемлекеттен беріліп жатқан қайтарымсыз грант пен әлеуметтік көмекті де бір күндік жиынға жаратып жіберетін азаматтар кездеседі. Енді мұндай қитұрқы әрекеттер 2,5 пайыздық несие алу кезінде өтпейді. Өйткені қомақты қаржы алу үшін азаматтар жылжымайтын мүліктерін кепілге қоюы міндеттелген.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам