«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл өз кәсібімді бастаймын немесе жұмысымды одан әрі күшейтемін деген азаматтарға 2,5 пайызбен несие берілуде. Аталған пилоттық жоба Жібек жолы мен Жартытөбе ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Ал кәсіпкерлерді қолдау, іскер жандарды сүйемелдеу тірліктерін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалы іске асырып келеді.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Сағындық Ислам