«Ауыл аманаты» немесе 2,5 пайыздық несие. Халық арасында осы атаумен танылған пилоттық жобаға қатысу талаптары жеңілдеді. Енді бұл бағдарламаға тек жұмыссыздар емес, жекеменшік мекемелерде тұрақты еңбек ететін азаматтар да қатыса алады. Тіпті мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің де өтінім қалдыруға құқығы бар. Ал 2,5 пайыздық несие рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімі 17-ден 8-ге қысқарған. Бұл туралы Құркелес ауылдық округінде өткен жиын барысында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы хабарлады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам