https://www.youtube.com/watch?v=KWmoJJLUmM4
Сарыағаш ауданында үй тірлігі мен ақындықты қатар алып жүрген асыл аналарымыз жетерлік. Оған аудандық кітапханада Домбыра күніне орай өткен жыр мүшәйрасында куә болдық. Бүгінгі дүбірлі додаға аймақ бойынша іріктелген 6 жазба ақын қатысты. Олар түрлі тақырыпта қалам тербеп, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге боларлықтай туындыларын көпке ұсынып, тиісінше марапаттар иеленді. Толығырақ, тілші сюжетінен көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек