300-ден аса ән жазып, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяковты қанша дәрiптесек те аз.Әнұранымыздың авторы артына өшпес мұра калдырды. Аталған тау тұлғаның есімі берілген Жартытобе ауылдық округіндегі №15 Шәмші Қалдаяқов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Шәмші Қалдаяқовқа арналып, көрме ашылып, танымал композитордың әндерінен жинақталған концерттік бағдарлама өткізілді.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Аман Асылбек