Осы уақытқа дейін 20 жылдық қарсаңында әр жылы туған азаматтар ауылды көркейту мақсатында талай тірліктерді атқарып жүргенін естіп жүрміз ғой. Ал Шәмші Қалдаяқов мектебінен 2003 жылы түлеп ұшқан түлектердің туған жерге тартуы көпті қуантты. Өздерінің емес, өскелең ұрпақтың саулығын ойлаған азаматтар ауылдың орталығы және көшелерге 19 спорт жабдықтарын орнатты.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы