Қазіргі таңда беріліп жатқан атақтың пайдасы бар ма? Аспаннан жауған атақты айтам… Көпке топырақ шашудан аулақпыз, бірақ түрлі жақсы атақты қалай болса солай пайдаға асырып, ойыншық етіп жүрген неше түрлі жалған марапаттар баршылық. Алайда адал еңбегімен, тынымсыз тірлігімен көзге түсіп шынайы атаққа ие болып жүргендер де баршылық. Солардың бірі –өңіріміздегі орталық кітапхана басшысы Қалбибі Күлгінова.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Айдос Дәулет