Қаңтар айының 12-сі ел тізгінін ұстаған, саяси қайраткер, ғалым, академик – Д.А.Қонаевтың туған күні. Қазақтың қатпарлы тарихына терең із қалдырған тұлғаға деген Алаш жұртының махаббаты шексіз. Әдебиетте – Әуезовтың, ғылымда – Сәтпаевтың орны қандай болса, саясатта – Қонаевтың орны ерекше еді. Тақырыпты толығырақ өткеннің өнегесін аға буыннан тыңдап қайтқан тілшіміз – Фариза Мүсілім тарқатсын.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Ерлан Сәрсенбеков