Жаңа жыл – кіп-кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш пен шаттық сыйлайтын ерекше мейрам. Ертегілер еліне бір сәтке саяхаттау мүмкіндігін беретін ғажайып шақ. Осыған орай, «Мереке» мейрамханасында балаларға арналған жаңа жылдық «Шырша» мерекесі алатып өтті. Қызыққа толы шараға аудан әкімі Мұхит Отаршиев те арнайы қатысып, балаларды жаңа жылмен құттықтады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек