Бұқаралық ақпарат құралдарында жыр болған, қала тұрғындарына мұң болған Майлықожа көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатқанынан хабардар боласыздар. Осы уақытқа дейін «аты дардай ақын Майлықожаның құрметіне берілген көшенің сыйқы сын көтермейді»-, деп жан ұшыра жергілікті тұрғындардың қақпаған есігі қалмаған болатын. Енді, міне, жоспарға сәйкес асфальттің бірінші қабаты төселіп, күні кеше екінші қабаты да төселіп аяқталуға шақ. Жолдың сапасын тексеруге арнайы барған аудан әкімі онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Жасұлан Әлібеков, Асан Қазақбаев