Жыл аяқталып, жаңа жылға қадам басқалы тұрмыз. Әне-міне дегенше «Жаңа жыл» мерекесін тойлайтын сәттер де жетіп келеді. Арнаулы дастархан жайылып, тағамның дәмдісі үстел басына қойылады. Әрине, отшашуы да бар. Десе де, осындай қуаныштардың арты қайғыға әкеліп соғуы мүмкін. Айтпағымыз, пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау немесе баланың қолына табыстаудың соңы – жақсылыққа апармайды. Осылай деген сарыағаштық төтеншеліктер арнайы рейдтік шара ұйымдастырды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы