Елімізде кезектен тыс өткен Президент сайлауында Мемлекет басшысы болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халық алдында ант берді. «Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен Президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз бір, мемлекетіміз бір, халқымыз бір! Сондықтан бірге болайық ағайын!» деді Президент!