Тәуелсіз Қазақстан тарихында 7-рет өткен Президент сайлауында 11 953 465 қазақстандық дауыс беру құқығына ие болды. Пайызға шаққанда белгіленген уақытқа дейін сайлаушылардың 69,43 пайызы өз таңдауын жасап, белсенділік танытқан. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы брифинг өткізіп, комиссия төрағасы саяси додада бағын сынаған Президенттікке үміткер 6 кандидаттың қанша дауыс жинағанын мәлімдеді.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Әукен Қадір