ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАСТАЙТЫН БАҒЫТ-БАҒДАР АЙҚЫН

Елімізде өткен референдум қоғамның саяси жүйеде жаңа өзгерістерді қажет ететінін айқындады. Мемлекет мықты болу үшін билік пен қоғам арасындағы алшақтықты азайту керектігін сарапшылар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Шешу тетіктері де белгілі. Ол – екі тарап арасындағы диалогты нығайту. 


Соңғы уақытта барлық салаларда жүріп жатқан реформалардың нәтижесі көз қуантады. Ата заңға өзгерістер енгеннен кейін конституциялық заңдарға да өзгерістер ене бастады. Сот саласын реформалау, әділ билікті қамтамасыз  етуге  қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттің мақсаты – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту десек, осы мақсатты орындау барлық азаматтардың адал еңбек етуі алғышарт.


Қазақтың басына біткен бойтұмары – қолымыз жеткен Тәуелсіздік. Бойтұмарды қалай қадірлесек, Тәуелсіздігімізді де дәл солай аялауымыз қажет. Ауқымды істерді, мерзімді стратегиялық межелерді іске асыру үшін белгілі бір уақыт, оны орындаудың тізгінін ұстайтын, ел қамын ойлайтын, кез келген қиындықтан суырылып шыға алатын танымал тұлға мемлекет басшысы қажет. 


20 қарашада елімізде кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтпекші. Соңғы жылдардағы сайлау жүйесін талдап қарасақ, бұрынғыға қарағанда азаматтар арасында немқұрайлылық жоқ. Демек, елімізде сайлау мәдениеті әлдеқайда қалыптасып келеді. Ашықтық, әділдік деген ұғымдар көптің санасына енген. Сондай-ақ, аралас сайлау жүйесінің енгізілуі – барлық азаматтарға өздерінің сайлану құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жалпы елімізде сайлау мәдениетін салыстырмалы түрде бағамдасақ, жуырда құрылған Халықтық коалициядан-ақ байқауға болады. Бірнеше саяси партия, отызға жуық қоғамдық ұйымдар ортақ мақсат аясында топтасып, бәріне ортақ бір ғана кандидатты ҚР Президенттігіне үміткерлікке ұсынды. Бұл топтасу – ел дамуы үшін, мемлекеттің өркендеуі үшін, Тәуелсіздіктің тамырының тереңдеуі үшін ортақ шешім болды. Шешім көпшіліктің көңілінен шықты. Бірлесу бірлікке, берекелі тірлікке бастайды. Азаматтардың бір мақсатқа топтасуы – елдің тізгінін ұстайтын тұлғаға деген нық сенімін білдіреді. Сондықтан бірлігімізді көрсетіп, алдағы сайлауға қатысуға шақырамын.  

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, Түркістан облыстық мəслихатының депутаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар