Республика күніне орай, Сарығаш ауданынан екі азамат «Шапағат» медалімен марапатталды. Олар: Білім саласының ардагері – Өмірәлі Керімбек пен медицина саласының майталманы Мұратхан Одаманов. Еңбек етіп жүрген саласындағы жемісті еңбегі мен ерекше қамқорлығын, көпшілікке тигізіп жүрген орасан зор қайырымды істерін ескерсе керек, облыс әкімі сарығаштық қос азаматқа айтулы медальды ұлттық мереке қарсаңында салтанатты түрде табыстады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек