
28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жезқазған қаласында өтетін «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.
Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Украина, АҚШ, Ресей, және басқа елдердің мемлекет қайраткерлері, ғалымдары мен зерттеушілері қатысады деп жоспарланған. Ғалымдар пленарлық отырыс пен тақырыптық секциялар барысында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ, конференция аясында «Алтын Орда мұрасы» фотокөрмесі ұйымдастырылады, онда Алтын Орда кезеңінің сәулеттік құрылыстары мен экспонаттарының фотосуреттері ұсынылады.
Өтетін орны:Жезқазған қаласы, С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театры
Басталуы:сағат 10:00
Қосымша ақпарат алу үшін мына номерге хабарласыңыздар:
+7 (701) 914-55-88