Бүгін 25-қазан – Республика күні. Ұлттық мерекеге орай, Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік туды көтеруге арналған салтанатты шара өтті. Ондағы мақсат – еліміздің біртұтастығын көрсетіп, барша қазақстандықтарды бір тудың астына біріктіру, кейінгі буынның бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіру болып табылады. Бір мезетте бүкіл ел аумағында өткен патриоттық шара туралы әріптесім айтып береді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы