Келес ауданында бiраз жыл алдын 500 га жерге жылыжай салу жоспары бар болатын. Алайда туындаған мәселелерге байланысты аталған шаруа кешеуілдеп келеді. Жоба аясында 10 мың адам жұмыспен қамтылады. Өңірдегі осы және өзге де инвест жобалар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының іссапарында көрсетіліп, аумақтың кәсіпкерлік саласы таныстырылған болатын.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы