Сарыағаш ауданына қарасты, Жастар ресурстық орталығында, «Бейбіт болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үлгілі отбасының – тең мүмкіндіктері» атты психологиялық тренинг өтті. Іс-шараға ауданның әр ауылдық округтеріндегі ауылдық Аналар кеңесінің төрайымдары мен әр түрлі санаттағы нәзік жандылар, құқық қорғау органдары мен аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мамандары қатысып, ойларын ортаға салды. Нақтырақ тілшіміз Фариза Мүсілім баяндайды.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Аман Асылбек