«Сарыағаш пен Келес аудандарында мәселелер көптеп жиналып қалыпты. Шын айтамын. Осы екі аудан бойынша арнайы жиналыстар өткіземін». Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Келес ауданына іссапары барысында тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, тұщымды жауап берді. Жауапты сала мамандарына тапсырма беріп, мәселелерді жан-жақты қарап, шешу жолдарын тапсырды. Халима Мақсатқызы нақтырақ.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Асан Қазақбаев, Ерлан Сәрсенбеков