Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында «Өлкеміздің тұғырлы тұлғасы» атты жоба аясында Қазақстан Республикасы Педагогика академиясының профессоры, «Сәтті» газетінің тілшісі Өмірәлі Керімбекұлымен кездесу кеш өтті. Шарада ақынның өткені мен бүгіні сөз болып, жастарға үлгі ретінде естеліктер айтылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Айдос Дәулет