Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының ұйымдастыруымен, Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні болып өттi. Тұрғындарға жер, мүлік, көлiк салығы бойынша мемлекет қазынасына өткізетін берешектерді қай мерзiмге дейiн толық төлеу қажеттігі, мобильді қосымшалар туралы, жалпы алғанда көптеген ақпараттар берiлiп, көпшілікке түсiндiрме жұмыстар жүргiзiлдi. Толығырақ тiлшiмiз жалғайды.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Айдос Дәулет