Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінің Бақшысай ауылы халқының халі мүшкіл. Бұлай деуімізге себеп – тұрғындар шаңға батып, көшенің топырағы табалдырықтан аттап, үйдің ішіне дейін кіріпті. Ауыл азаматтары қыркүйекте балаларымызды мектепке қалай жібереміз деп уайымдап отыр.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Аман Асылбек