Жерлестеріміз жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен ҚР чемпиондары атанды. Байрақты бәсеке Көкшетау қаласында өтіп, 16 облыстың спортшылары қатысты. Ұлттық спорт түрі «аударыспақ» пен «көкпардан» өткен жарыста қарсылас шақ келтірмеген сарыағаштық жасөспірімдер 2 алтын мен 1 күміс медальды қанжығасына байлады.
Авторлар: Ақерке Жұмабекқызы, Асан Қазақбаев