Сарыағаш ауданында 2022 жылы барлығы 72 көше жөндеуден өтіп жатыр. Бұған 2 млрд теңгенің үстінде қаражат бөлінген. Көрініп тұр, жол саласында өңірде ауқымды тірліктер атқарылуда. Жұмыс барысында орын алған кемшіліктер дер кезінде айтылып, өз шешімін табуда. Бұған мысал ретінде Жаңаталап ауылындағы жағдайды айтуға болады.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы